Жастар арасындағы әлемдік чемпионатта Қазақстан құрамасы Данияны жеңді

1509
Adyrna.kz Telegram
Фото: icehockey.kz
Фото: icehockey.kz

Жастар арасындағы әлем чемпионатының екінші кездесуінде Қазақстан құрамасы Дания құрамасымен кездесті, деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы Qazaqstan Hokei сайтына сілтеме жасап.

Қарсылас ойынның 16-минутында есеп ашса, екінші кезеңде ешбір гол соғылмады. Олар үшінші кезеңде ғана есепті теңестіре алды, бірақ көп ұзамай даниялықтар қайтадан алға шықты. Араға екі минут салып Кирилл Ляпунов есепті 2:2-ге жеткізді. Кездесу аяқталуға үш минут қалғанда Руслан Оспанов жеңіс голын соқты – 3:2. Бұл Әлем чемпионатындағы екінші жеңіс.

Қазақстан – Дания – 3:2 (0:1, 0:0, 3:1)
0:1 - 15:13 - Мелгард (Томсен, Шиолдан)
1:1 - 44:57 - Оразов (Бейсембаев, Нұркенов)
1:2 - 46:13 - Шиолдан (Мельгард, Томсен)
2:2 - 48:40 - Ляпунов (Шақшақбаев)
3:2 - 56:46 - Оспанов (Ермак)
Қақпашылар: Никитин - Штайнбергс

Сергей Старыгин шәкірттері келесі кездесуін 13 желтоқсан күні Астана уақытымен 17:30-да өткізеді.

«Адырна» ұлттық порталы

Пікірлер