Италияның Турин қаласында өтіп жатқан қысқы Универсиадада шайбалы хоккейден Қазақстан ерлер құрамасы Чехияны жеңіп, жалпы есепте бесінші орынға тұрақтады. Бұл туралы sport.kz жариялады, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.
Қазақстандық хоккейшілер қарсыласынан 5:2 есебімен басым түсті.
Ел құрамасынан Олег Бойко (22-минут), Бейбарыс Оразов (31-минут), Денис Чапоров (44-минут) ижәне Семен Симонов (54, 55-минуттарда) мергендік танытты. Оған қарсыластар
Новости по теме

Отандастарымыз А тобында сынға түсті. Қарсыластары Канада, Чехия, Оңтүстік Корея және Швеция.
Алдымен Швецияны 9:2, Оңтүстік Кореяны 7:1 есебімен жеңіп, одан кейін Канадаға 3:4, Чехияға 1:3 есебімен жол берді. Өз тобында жеті ұпаймен үшінші орынға тұрақтады.