Жастар арасындағы әлем чемпионатының екінші кездесуінде Қазақстан құрамасы Дания құрамасымен кездесті, деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы Qazaqstan Hokei сайтына сілтеме жасап.
Қарсылас ойынның 16-минутында есеп ашса, екінші кезеңде ешбір гол соғылмады. Олар үшінші кезеңде ғана есепті теңестіре алды, бірақ көп ұзамай даниялықтар қайтадан алға шықты. Араға екі минут салып Кирилл Ляпунов есепті 2:2-ге жеткізді. Кездесу аяқталуға үш минут қалғанда Руслан Оспанов жеңіс голын соқты – 3:2. Бұл Әлем чемпионатындағы екінші жеңіс. Қазақстан – Дания – 3:2 (0:1, 0:0, 3:1) 0:1 - 15:13 - Мелгард (Томсен, Шиолдан) 1:1 - 44:57 - Оразов (Бейсембаев, Нұркенов) 1:2 - 46:13 - Шиолдан (Мельгард, Томсен) 2:2 - 48:40 - Ляпунов (Шақшақбаев) 3:2 - 56:46 - Оспанов (Ермак) Қақпашылар: Никитин - Штайнбергс Сергей Старыгин шәкірттері келесі кездесуін 13 желтоқсан күні Астана уақытымен 17:30-да өткізеді.«Адырна» ұлттық порталы
Related news
A video of protestors blocking the road due to diesel shortage has spread online. "Kazavtozhol" answered him