«Адамзаттың Айтматовы»

1369
Adyrna.kz Telegram
Фото: Ашық дереккөзден
Фото: Ашық дереккөзден

Бүгін – қырғыз жазушысы Шыңғыс Айтматовтың (1928-2008) туғанына - 95 жыл.

Шыңғыс Айтматовтың шығармашы­лы­ғы мен өмірі қазақ хал­қымен тығыз байланысты. Жазушының өзі қазақ ауылымен іргелес, қоныстас жерде туып-өскен. Әкесі, 1938 жы­лы «халық жауы» ретінде атылып кет­кен Төреқұл Айтматов Т. Рысқұлов­тың тіке­лей тәрбиесін көрген шәкірті болған.

Жазушыны алғаш әлемге танытқан таңдаулы туындысы әйгілі «Жәмила» повесі (1958). Мұхтар Әуезов пен француз жазушысы, Луи Арагон осы шығарма арқылы Айтматов дарынын жоғары бағалап, жүрек жарды пікір айтқан. Ол қырғыз әйелдерінің жаңа буынының өкілі ретінде қабылданды. Осыдан кейін-ақ Айтматов шығармашылығы ерекше құбылыс болып саналып, оның қаламынан туған әрбір туындысы әлемдегі мың-сан оқырман асыға күтіп оқитын құрметке ие болды.

Ш.Айтматовтың 20 астам шығармасы экрандалып, басқа да көптеген шығармалары сахнада ойналды.

Бірсыпыра шығармаларының желісімен жасалған драмалық туындылары «Шынарым менің, шырайлым менің», «Боранды бекет», қазақ драматургі Қалтай Мұхамеджановпен бірігіп жазған «Көктөбедегі кездесу» пьесасы Қазақстанның республикалық, облыстық театрлары сахнасынан берік орын алды. 1997 жарық көрген «Құз басындағы аңшының зары» кітабы — екі бөлек әлемнің, яғни қазақтың қайсар ақыны — Мұхтар Шаханов пен қырғыз ағайынның ардақтысы, бүкіл әлем бас иген Шыңғыс Айтматовтың диалогынан тұрады. Екеуі бірігіп жазған «Сократты еске алу түні немесе миғұла терісі үстіндегі сот» атты пьесасы Қазақстанның Ғабит Мүсірепов атындағы балалар мен жасөспірімдер театрында қойылды (1998).

2008 жылы маусымның 10 күні «Адамзат­тың Айтматовы» атанған Айтматов 79 жасын­да Алмания­ның Нүрнберг қаласын­дағы аурухана­да бүйрек ауруынан қайтыс болды. Жазушының мүрдесі маусымның 14 Бішкек 10 км маңындағы Чон-Таш (Шын-тас) ауылындағы «Ата-Бейіт» ме­мориалды-мұражай кешеніне қойы­л­ды. Сол күн Қырғызстанда ұлттық қайғылық деп жарияланды.

«Адырна» ұлттық порталы

Пікірлер