Орталық Азиядағы қылмыс әлемінің тағы бір «серкесі» ұсталды

1376
Adyrna.kz Telegram
Фото: Ташкент ІІБ баспасөз қызметінің суреті
Фото: Ташкент ІІБ баспасөз қызметінің суреті

«Салимбай» немесе «Салимбойвачча» деген атпен танымал Ташкенттік кәсіпкер Салим Абдувалиев заңсыз қару сақтағаны үшін күдікті ретінде ұсталды. Бұл туралы Өзбекстан астанасының Ішкі істер бас басқармасының (ІІБ) баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы Fergana news порталына сілтеме жасап.

73 жастағы кәсіпкер Өзбекстан Республикалық Қылмыстық кодексінің 248-бабының 1-бөлігінде («атыс қаруын заңсыз сақтау») көзделген қылмысты жасады деген күдікпен іс жүргізу тәртібімен ұсталды.

Орталық ішкі істер басқармасы істің басқа жай-жапсарын және Абдувалиевке қандай шара тағайындалғанын нақтыламады.

Айта кетейік, бірнеше күн бұрын кейбір БАҚ Абдувалиевтің ұсталғаны туралы хабарлаған болатын. Алайда Ташкенттің құқық қорғау органдары бұл ақпаратқа қатысты түсініктеме бермеген.

Одан бөлек, «Сайидазиз медгородок» лақап аты бар Саидазиз Сайдалиев, сондай-ақ «Бахти Ташкентский» деген атпен танымал Бахтиёр Кудратиллаев есірткі сақтады деген айыппен ұсталған.

Сонымен қатар Ташкент ІІБ тағы он адамның ұсталғаны туралы хабарлады. Олардың барлығы бопсалау немесе бұзақылық туралы баптар бойынша қылмыстық іске күдікті ретінде тартылды.

Салим Абдувалиев – ең танымал меценаттардың бірі. Ол қылмыстық әлемнің өкілі болып саналады, мысалы, бірнеше жыл бұрын АҚШ-тың Өзбекстандағы елшісі өзінің дипломатиялық хаттарында оны «өзбек мафиясының басшысы» деп атаған. Кәсіпкер Өзбекстанның Күрес қауымдастығын басқарады, сонымен қатар елдің Ұлттық Олимпиада комитеті төрағасының орынбасары. 2015 жылы Абдувалиев «Дустлик» орденімен марапатталса, 2021 жылы «Еңбек сіңірген спорт жаттықтырушысы» атағын алды.

«Адырна» ұлттық порталы

Пікірлер