Түркістанда 4 жасар жоғалған баланы іздестіріп жатыр

2492
Adyrna.kz Telegram
Фото: Түркістан облысы ҚПД баспасөз қызметі
Фото: Түркістан облысы ҚПД баспасөз қызметі

Түркістан облысында жоғалған төрт жасар баланы екінші күн іздестіріп жатыр, деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«1 желтоқсан күні кешке Түркістан қаласының полиция бөліміне жергілікті тұрғын хабарласып, ойынға шыққан төрт жасар ұлының үйіне оралмағанын хабарлады. Шағым бірден тіркеліп, барлық полиция қызметкерлері іске жұмылдырылды. Қазіргі уақытта тәртіп сақшылары жан-жақты жедел-іздестіру шараларын жүргізуде», - делінген сенбі күні тараған хабарламада.

Жоғалған баланың фотосуреті, белгілері айтылған ақпарат барлық аудандарға жіберілді.

«Көмекке еріктілер мен жергілікті тұрғындар да келді», - деп қосты полиция.

Жоғалған бала – Бақыт Айбар Алдиярұлы, 25.05.2019 ж.т. Оның белгілері: бойы 60-65 см, шашы қара қоңыр. Ол сұр түсті көйлек, қоңыр шалбар, аяғына қара галош киген.

«Жоғалған баланы көрген немесе қандай да бір ақпарат білетін кез келген адам дереу полицияға 8-725-33-5-97-65, 8-725-33-97-40-94 немесе +77014596666, +77026376600 телефондары арқылы, сондай-ақ 102, +77759962793 номерлеріне хабарласуын сұраймыз», - деп сұрады полицейлер.

«Адырна» ұлттық порталы

Пікірлер