Назарбаев мемуарының мұқабасы жарияланды

1388
Adyrna.kz Telegram

Назарбаев мемуарының мұқабасы жарияланды. Бұл туралы желіге Темір Умаров жариялады, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы

Бүған дейін Назарбаев өзінің естеліктері кітап етіп жазғанын хабарлаған едік. Кітап «Менің өмірім. Тәуелділіктен бостандыққа дейін» деген атпен жарыққа шығуға дайындалуда.

Ақпараттарға сүйенсек, кітапта Назарбаев Әсел Исабаевамен болған оқиғаға қатысты фактілерді бұрмалайды. Ол Назарбаевпен жеке кездескеннен кейін «Қазақстан аруы» байқауын жеңіп алған. Кейін ол «Әлем аруы» байқауына қатысып үлгерді. Қазақ сұлулары байқауындағы жеңісін Иманғали Тасмағамбетов ұйымдастырды. Назарбаевтың қызбен танысуын сол кездегі достық қарым-қатынаста болған марқұм Т.Досмұханбетов пен И.Тасмағамбетов ұйымдастырған.

Бірақ бұл оқиға экс-президенттің балалары сияқты 20 жылға жуық «ашық құпияға» айналатын некеге әкеледі деп ешкім күткен жоқ. Дегенмен, Назарбаев ақыры ол туралы халыққа айтуды шешті.

Еске салсақ, бұған дейін, жазушы Бейбіт Сапаралы “көрінбей” кеткен Нұрсұлтан Назарбаевтың кітап жазып жатқанынан хабардар еткен болатын. Ол Назарбаевтың аталмыш кітабы арқылы халықтың көкейіндегі біршама сұрақтарға жауап беретінін жазған.

Пікірлер