Қолды болған 273 млн. “Қазпошта” шығынды өндіруден үміттенеді

1905
Adyrna.kz Telegram

"Қазпоштада" 270 миллион теңгеден аса қаржының ұрланғаны анықталды, - деп хабарлайды "Адырна" порталы акционерлік қоғам мәліметіне сілтеме жасап.

"Қазпошта" АҚ-да ішкі тергеу жұмыстары жалғасып жатқаны айтылды.

"Осылайша, 2023 жылдың қорытындысы бойынша бірқатар өңірлерде жалпы сомасы 273 000 000 теңге болатын қаржылық заңбұзушылықтар анықталды.

Қазіргі уақытта ішкі тексеру материалдары процессуалдық шешім қабылдау және күдіктілерді жауапқа тарту, сондай-ақ келтірілген шығын сомасын өтеу үшін экономикалық тергеу департаментіне жолданды", - делінген хабарламада.

Заң бұз деректері қатарында жымқыру, алаяқтық, ұрлық және заңсыз сыйақы алу деректері бар. Барлығы 7 өңірлік филиалда 11 қылмыстық іс тіркелген.

"Қазпошта" АҚ орталықта және жергілікті жерлерде түрлі заңбұзушылық әрекеттермен күресті одан әрі жалғастырады және құқық қорғау органдарымен аталған бағыт бойынша бірлесіп жұмыс істейді", - делінген хабарламада.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Видео с выпускного "убило" всех родителей: кто это заснял?!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Позвали Таню, и жены начали уводить мужей. Не стесняется стыдобы
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Пьяные что ли? Пугачева с мужем шокировали своим развратом
Пікірлер