“Ресейге реэкспорт азаймады”. Санкция бойынша арнайы уәкіл

1140
Adyrna.kz Telegram

Еуроодақтың санкциялар жөніндегі арнайы өкілі Дэвид О'Салливан 28 қарашада Астанада өткен брифингте Қазақстан билігімен санкцияларды айналып өтуге қарсы іс-қимыл бойынша бірлескен жұмыс туралы айтты, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Дэвид О'Салливан Қазақстан билігі бірқатар шаралар қабылдағанын, соның нәтижесінде 2023 жылдың сәуірімен салыстырғанда кейбір тауарлар мен өнімдердің Ресейге кері экспорты айтарлықтай төмендегенін хабарлады.

Алайда, елші атап өткендей, кейбір басқа тауарлар бойынша реэкспорт өсті.

«Бұл тауарлардың жалпы көлемі Қазақстанның тауар айналымындағы салыстырмалы түрде аз үлесті алады және жылына небәрі 200 миллион еуроны құрайды. Әңгіме оның көлемінде емес, әңгіме тауарлар мен өнімдердің құны мен  беретін әсерінде болып отыр. Біз білетіндей, бұл тауарлар Ресей Федерациясының әскери әлеуетін арттыру үшін пайдаланылады, сондықтан біз бұл өнімдердің реэкспортын тоқтатуды талап етеміз. Бұл негізінен жоғары технологиялық өнімдер. Бұл жерде әңгіме интегралдық схемаларда, жедел жады, оптикалық көру мүмкіндігі бар жабдықтар болуында», - деп түсіндірді Дэвид О'Салливан.

Дэвид О'Салливан Еуропалық Одақ Қазақстанға қарсы екінші реттік санкциялар қолданбайтынын атап өтті.

Жалпы, оның айтуынша, Еуропалық Одақтың Қазақстанмен қарым-қатынасына қатысты күн тәртібі өте оң. Елші Еуроодақ Қазақстанның негізгі сауда және инвестициялық серіктесі екенін еске салды. Еуропалық Одақтың жасыл технологиялар мен көлік саласында Қазақстанмен бірге жүзеге асыра алатын көптеген ауқымды жобалары мен жоспарлары бар.

"Біз Қазақстанмен қарым-қатынасымызды одан әрі оң және дұрыс бағытта ілгерілетуді, тығыз ынтымақтастық орнатуды қалаймыз. Тағы да атап өткім келеді: біз санкциялардың біздің тығыз әрі тереңірек ынтымақтастығымызға кедергі болғанын қаламаймыз", - деп қорытындылады Дэвид О, Салливан.

 

Пікірлер