Home » Спорт » “Мен қазақпын”: Головкин қазақ тілінде өлең оқыды – видео

“Мен қазақпын”: Головкин қазақ тілінде өлең оқыды – видео

Әлемге әйгілі боксшы Геннадий Головкин қазақстандықтарға алғысын білдірді

 Қазақстандық боксшы елге деген сүйіспеншілігін білдіретін ролике түсіп, Жұбан Молдағалиевтің “Мен қазақпын” поэмасын оқыды.

Боксшы роликті Instagram парақшасында жариялап, отандастарына деген ыстық ықыласын білдірді.

“Қолдау көрсеткен жерлестеріме рахмет! Туған жерімді ешқашан ұмытпаймын”, – деп жазды  Головкин.

Роликте өлең жолдарын Геннадий Головкинмен бірге балалар, спортшылар, ғалымдар, әскерилер мен ғарышкерлер де оқыды.

Естеріңізге сала кетсек, “Головкин – Роллс” жекпе-жегі Нұр-Сұлтан уақыты бойынша 9 маусым күні таңертең болады. Тікелей көрсетілім 06.00 кезінде басталмақ.

Головкин жаңа бапкері Джонатан Бэнкстің қол астында алғаш рет рингке шығып, бұл кездесу DAZN сервисімен жасалған келісімшарт бойынша алты жекпе-жектің алғашқысы болмақ.

Sputnik.

Пікір жазу

Почта жарияланбайды. Таңдаулы өрісті толтырыңыз *

*

x

Check Also

«Қазақ футболы цирк, біздің оған қатысқымыз келмейді»

«Тараз» футбол клубының бас бапкері Вахид Масудов қазақ футболы спорт емес циркке ұқсайды деп мәлімдеді. ...