ҰҚШҰ жарғысына енгізілген өзгерістерді Мәжіліс мақұлдады

2155
Adyrna.kz Telegram

Мәжіліс депутаттары Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымының жарғысына жаңа өзгерістер енгізуді көздейтін төртінші хаттаманы ратификациялау туралы заңды қабылдады, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Бірінші толықтыру ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттердің, атап айтқанда биологиялық қауіпсіздік саласындағы қызмет аясын кеңейтеді. Екінші толықтыру ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің шешімімен ұйымның Бас хатшысының өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату мүмкіндігін қарастырады.

Алдағы уақытта құжат Сенаттың қарауына жіберілетін болады.

Айта кетейік, ҰҚШҰ жарғысына 2010 жылғы 10 желтоқсандағы хаттама, сондай-ақ 2018 жылғы 8 қарашадағы екінші және үшінші хаттамалар арқылы бұрын үш өзгеріс енгізілген. 2022 жылғы 26 тамызда ұйымға мүше мемлекеттердің мемлекет басшылары жарғының 8 және 17-баптарына екі толықтыруды көздейтін төртінші хаттамаға қол қойды.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Не трогайте больные суставы! Просто перед сном смажьте обычным...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Муж поднял потенцию за 1 минуту! Использовал этот метод
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Врачи молчат об этом! Это вытянет всю боль из колен, таза и спины
Пікірлер