Ерлан Қарин футболшыларға қолдау білдірді

3202
Adyrna.kz Telegram
Фото: erlankarin2019 инстаграм парақшасынан
Фото: erlankarin2019 инстаграм парақшасынан

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин Еуро-2024 чемпионатында өнер көрсеткен Қазақстан ұлттық құрамасына қолдау білдіріп, инстаграм желісінде жазба жариялады, деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы.

«Ұлттық құрама Euro-2024 чемпионатына іріктеу ойындарын өте жақсы өткізді. Словениямен өткен кездесу соның айқын көрінісі. Рамазан Оразов есепті теңестіргенде, тұтас Қазақстан демін ішіне тартып, жігіттердің жорығы Германияда жалғасатындай әсерде отырғаны жасырын емес. Дегенмен тікелей жолдама бұл жолы бұйырмапты. Қалай десек те, жігіттер жарады! Қазақстан футболының өскенін, өзгелердің санасуы керек екенін, енді бұрынғыдай болмайтынын дәлелдеді. Жанкүйерлерге жігер, елге қуаныш сыйлаған ұлттық құрамаға мың алғыс! Қазақстан футболының дамуына үлкен серпіліс әкелгендеріңіз үшін ризамыз. Жігіттер мұнымен тоқтап қалмайды деген сенімдеміз. Жұртшылықты әлі талай жеңістермен, жетісіктермен қуанта беретіні анық. Рақмет, ұлттық құрама!», - дейді саясаткер.

Сондай-ақ желі қолданушылары да отандық футболшыларымызға шынайы лебіздерін білдіріп жатыр. «Жігіттер, рақмет, күшті ойын болды», «Оразов пен Самодоров соңына дейін жүгірді ғой, футболымыз дами берсін, мықты ойыншылар», «Қазақстан, алға! Жеңіс әлі алда», – деп пікірлер қалдырған.

Есеріңізге сала кетейік, өткен түні Қазақстан ұлттық құрамасы Словения футбол командасымен 2:1 есебімен ойынды аяқтаған болатын.

«Адырна» ұлттық порталы

Пікірлер