Прокурор мәжілістің бұрынғы депутаты Нұржан Әлтаевты 12 жылға соттауды сұрады. Бұл туралы тіркелмеген «Ел тірегі» партиясының жетекшісі, заңгер Гүлшат Дүйсенова айтты, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.
Экс-депутат “аса ірі көлемде пара алу” бабы бойынша күдікке ілінген. Ол өзіне тағылған айыптарды мойындамады. Адвокаты мұны “саяси тапсырыс” деп атап, құқық қорғаушылар Әлтаевты “саяси тұтқындар” қатарына қосты. Ал іс бойынша сот отырыстары жабық өтіп жатыр.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің хабарлауынша, Нұржан Әлтаев 2018-2020 жылдары Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі және мәжіліс депутаты болған кезінде 50 миллион теңгеге жуық пара алған.