Ең ауқымды шеру. Лондонда 300 мың адам Палестинаны қолдап, алаңға шықты

1811
Adyrna.kz Telegram
Фото: ВВС
Фото: ВВС

Лондонда 300 мыңға жуық адам Газа секторында атысты тоқтатуды талап етіп, шеру өткізді, деп хабарлайды “Адырна” тілшісі The Guardian газетіне сілтеме жасап.

«Лондон полициясы бүгін Палестинаны қолдайтын шеруге шамамен 300 000 адам жиналғанын растады», - деп жазды басылым.

Шеруді ұйымдастырушылар бұған дейін Газа секторындағы израильдік әрекеттерге қарсы шеруге жарты миллионнан астам адам қатыса алатынын айтқан болатын. Бұл Таяу Шығыстағы қақтығыстың шиеленісуінің басынан бергі ең ауқымды акцияға айналады.

Шеру басталмас бұрын полиция мен белсенділер арасында қақтығыс болды. Құқық қорғау органдарының хабарлауынша, бұл адамдар палестиналықтарды жақтағандарға «қарсыласуға ұмтылған».

Кейінірек 92 әсіре оңшыл белсендінің ұсталғаны хабарланды.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Ложку перед сном и все! За неделю уйдет 13 кг возрастного жира...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Этот танец невесты оставит вас без слов! Пересмотрела 10 раз!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Позвали Таню, и жены начали уводить мужей. Не стесняется стыдобы
Пікірлер