Иранның рухани көшбасшысы Нетаньяхуды бірден өлім жазасына кесуге шақырды

1490
Adyrna.kz Telegram
Фото: aa.com.tr
Фото: aa.com.tr

Гаагадағы Халықаралық қылмыстық соттың (ХҚС) Израиль премьер-министрі Беньямин Нетаньяхуға қатысты шығарған қамауға алу ордері жеткіліксіз, оның үстінен өлім жазасына үкім шығару қажет делінді. Бұл туралы Иранның рухани көшбасшысы аятолла Әли Хаменеи мәлімдеді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы Иранның ресми БАҚ*ына сілтеп.

«Сионистік режим Газа секторында әскери қылмыс жасады. Қамауға алу ордерін шығару жеткіліксіз. Нетаньяхуға және осы режимнің қылмыстық басшыларына өлім жазасы шығарылуы керек», – деді Хаменеи «Басидж» милициясының мүшелерімен кездесу барысында.

21 қарашада ХҚС Газа секторында жасалған әскери қылмыстар мен адамзатқа қарсы қылмыстар үшін Израиль премьер-министрі Беньямин Нетаньяхуға және елдің Қорғаныс министрлігінің бұрынғы басшысы Йоав Галантқа қамауға алу ордерін шығарған еді.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Видео с выпускного "убило" всех родителей: кто это заснял?!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Вот, что излечит ваши запястья даже в 75 лет! Нужно взять...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Школьники потрясли всю сеть этим танцем — смотреть без детей!
Пікірлер