Ішкі істер вице-министрі Сәкен Сәрсенов экс-министр Қуандық Бишімбаевтың ұсталуына қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.
«Ол ұсталды. Қазір тергеу жүргізіліп жатыр. Қалғанына қатысты түсінік бере алмаймын. Жұмыс барысында қосымша ақпараттар беріледі»,—деді Сәкен Сәрсенов.
Айта кетейік, 9 қараша күні кешке экс-министр Қуандық Бишімбаевтың әйелін ұрып өлтірді деген күдікке ілінгені белгілі болды.