Назарбаевтың немересі Калифорниядағы гольф клубында көзге түсті

1269
Adyrna.kz Telegram
Фото: Nurali Aliyev Instagram парақшасынан
Фото: Nurali Aliyev Instagram парақшасынан

Қазақстанның экс-президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың немересі Нұрәлі Әлиев Instagram парақшасына Калифорниядағы (АҚШ) гольф клубында түскен суреттерін жариялады, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы Stan.kz сайтына сілтеп.

"Барлығына ойын үшін рахмет! Half Moon Bay – ең эпикалық гольф алаңдарының бірі", – деп жазды Әлиев парақшасында.

Ал пост астындағы пікірлер жабық.

Көрсетілген гольф клубының жанындағы бір адамға арналған қонақүй бөлмесінің бағасы екі миллион теңгеден (бес түн) асады.

Айта кетейік, Forbes нұсқасы бойынша Әлиев Қазақстандағы ең бай 50 бизнесменнің бірі (2023 жылғы мамырдағы деректер). Ол – Дариға Назарбаева мен марқұм Рахат Әлиевтің ұлы.

 

Пікірлер