Назарбаевтың жиені «Транстелекомнан» кетті

1189
Adyrna.kz Telegram

Дариға Назарбаеваның ұлы Нұрәлі Әлиев «Транстелеком» АҚ-дағы директорлар кеңесі төрағасы қызметінен кетті, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Бұл туралы ол өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында хабарлады.

«10 жылдан астам уақыт бойы «Транстелеком» компаниясында жұмыс істедім. Енді мен акционерлер құрамынан шығу және директорлар кеңесі төрағасы ретіндегі өкілеттігімді тоқтату туралы шешім қабылдадым», – деп жазды Әлиев.

2023 жылы Мәжіліс депутаты Ермұрат Бәпи «Транстелеком» компаниясының заңсыз жекешелендірілгенін мәлімдеген болатын. Оның айтуынша, компания бастапқыда «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясына тиесілі болған. Алайда құны 210 млрд теңге деп бағаланған кәсіпорын небәрі 18,45 млрд теңгеге сатылған.

Депутаттың айтуынша, 2015-2022 жылдар аралығында Нұрәлі Әлиев «Транстелекомнан» бірнеше миллиард теңге көлемінде дивиденд алып отырған.

2023 жылы 5 шілдеде Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі «Транстелеком» компаниясының нарықтағы басқа операторларға қысым жасағанын, бұл бәсекелестік заңнамасын бұзатынын мәлімдеді.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Пышнотелая танцовщица заставила зал замереть! Только посмотрите
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Девушка из г Колумбус опозорилась на всю Беларусь! Видео ошеломит
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Не смейте выбрасывать зажимы от хлебных упаковок: они бесценны
Пікірлер