Алашорда қайраткері, алғашқы абайтанушының бірі. Ыдырыс Мұстанбаевтың туғанына - 125 жыл

4047
Adyrna.kz Telegram

Осыдан 125 жыл бұрын Алаш қозғалысының қайраткері, әдебиет сыншысы, абайтанушы Ыдырыс Мұстанбаев дүниеге келді, деп жазады "Адырна".

1898 жылы 8 қарашада Шығыс Қазақстан облысы жарма ауданында дүиеге келген. Тінібай медресесін, екі кластық орыс-қазақ училищесін, Семей гимназиясын бітірген. Орал облысы, Ақмола губерниясы прокуроры және Сырдария губерндік атқару комитеті төрағасы, КазЦИК нұсқаушысы болды.

Мұстанбаев Қазақстанның әдеби өміріне белсенді түрде қатысып, Абай, А.Байтұрсынов, М.Жұмабаевтың әдеби мұрасын кеңестік және идеологиялық органдардың шабуылынан қорғады.

Өмірінің соңғы жылдары – кеңестік, партиялық және шаруашылық жұмыстармен айналысты. Мұстанбаев жер мәселесі, ауылдағы тап күресі, байларды тәркілеу мәселесі бойынша партия және үкімет саясатымен, өлкелік үкімет басшысы Ф.И.Голощекиннің ұлттық саясатымен келіспеуіне қарай  бірнеше рет «сәдуақасовшыл» деген айыппен партия қатарынан шығарылды.

Алматы облысы УНКВД үштігінің қаулысымен 1937 ж. 16 қарашада «антисоветтік ұлттық террорлық және шпиондық ұйымға қатысқаны үшін» ату жазасына кесілді.

 

Пікірлер