Жетісу облысында әкім оқушыны қағып өлтірді

1307
Adyrna.kz Telegram
фото: Stan.kz
фото: Stan.kz

Жетісу облысы Көксу ауылдық округінің әкімі Әлия Бақтиярова 12 жастағы баланы көлікпен қағып өлтірген. Оқиға орнына келген полиция қызметкерлері жай ғана хаттама толтырған, көлік айыппұл тұрағына қойылды  деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы.

«Оның өліміне әкім Бақтиярова Әлия Маратқызы кінәлі. Ол Ескелді ауданы Биғаш ауылының маңында 2-қараша күні кешке баланы көлікпен қағып кеткен. Салдарынан 9 сыныпта оқитын Асыл Тұрсынбай апат орнында қайтыс болды. Көліктің рулінде Кербұлақ ауданы Көксу ауылдық округінің әкімі Әлия Бақтиярова болған», – деді белгілі журналист, қоғам белсендісі Сандуғаш Дүйсенова.

Ал апат орнына келген ПД қызметкерлері оқушының 12 жаста екенін анықтаған. Көлік айыппұл тұрағына қойылған. Ұл баланы қағып өлтірген әйел уақытша ұстау изоляторына қамалмаған.  Мезгілсіз қайтыс болған оқушы демалыс күні жер қойнына тапсырылды.

«12 жастағы жасөспірім Hyundai Greta көлігінің дөңгелегіне түсіп қайтыс болды. Машинаны 39 жастағы әйел басқарғаны анықталды. Аталған оқиға бойынша сараптама тағайындалып, ҚР ҚК 345 бабы бойынша соталды тергеу басталды. Шетел көлігі айыппұл тұрағына қойылды. Кәмелеттік жасқа толмаған балаға қатысты орын алған жол апаты облыстық полиция басқармасынның өндірісіне алынды», – деп хабарлады Жетісу облыстық ПД баспасөз қызметі. 

«Адырна» ұлттық порталы

Пікірлер