Экс вице-министр Тоқтабаевтың ісі бойынша мемлекетке кен орны қайтарылды

2295
Adyrna.kz Telegram
Фото:gov.kz
Фото:gov.kz

Мемлекетке никель мен кобальт кен орны қайтарылды. Ол бұрынғы индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Тимур Тоқтабаевтан алынды, деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

«Мемлекет басшысының заңсыз сатып алынған активтерді қайтару жөніндегі тапсырмасын орындау барысында бұрынғы вице-министр Т. Тоқтабаевқа қатысты қылмыстық істі тергеу шеңберінде мемлекетке Қостанай облысындағы «Шевченковское» бірегей кен орны қайтарылды», - делінген хабарламада.

Кен орнында никель (1,075 миллион тонна) және кобальт (585,9 мың тонна) қоры бар. Пайдалы қазбалар қорларының құны 5,6 триллион теңгеден асады.

Еске салайық, биыл 27 қазанда Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотының Т. Тоқтабаевқа қатысты үкім шыққан болатын. Ол пайдалы қазбалардың ірі қорлары бар кен орындарын онымен үлестес тұлғаларға беру кезінде ауыр зардаптарға әкеп соқтырған лауазымдық өкілеттіктерді теріс пайдаланғаны үшін кінәлі деп танылған. Тоқтабаевқа 7 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Сонымен қатар мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан және «Ерен еңбегі үшін» мемлекеттік наградасынан айырылып, қымбат мүліктері тәркіленді.

«Адырна» ұлттық порталы

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Близость будет по 2.5 часа! Рецепт здесь
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Чтобы в постели с мужем проблем не стало, использую старый...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Врачи молчат об этом! Это вытянет всю боль из колен, таза и спины
Пікірлер