Жалған ақпарат демократиялық институттардың дамуына қауіп төндіреді - ЮНЕСКО басшысы

1912
Adyrna.kz Telegram
Фото: Pravda.com.ua
Фото: Pravda.com.ua

Жалған ақпарат демократиялық институттардың дамуына қауіп төндіреді. Бұл ескертуді ЮНЕСКО-ның бас директоры Одри Азуле Дүниежүзілік медиа сауаттылық апталығында сөйлеген сөзінде айтты, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Цифрлық революция демократия құндылықтарын таратуға және мәдени көріністердің алуан түрлілігін арттыруға көмектесті, бірақ бүгінгі күні ол желіде, әсіресе қақтығыстар мен халықаралық контекстте жалған ақпарат пен өшпенділік сөздердің таралуына байланысты біздің демократиялық институттарымызға үлкен қауіп төндіреді, - деді Азулай X әлеуметтік желісінде (бұрынғы Twitter).

Оның пікірінше, жалған ақпараттардың таралуы және фактілердің бұрмалануы шындық пен өтірік арасындағы шекараны бұлдыратып, біздің қоғамдарымыз бен демократияларымыздың негізіне нұқсан келтіреді.

Ұйымның Бас директоры «ЮНЕСКО мүмкіндігінше көп адамға сыни ойлауды дамытуға көмектесу үшін өз мандатына сәйкес ақпараттық сауаттылықты қолдауға берік» деп баса айтты.

Айта кетейік, Дүниежүзілік медиа сауаттылық апталығы дәстүрлі түрде қазан айының соңғы аптасында ЮНЕСКО-да өтеді. Ұйым БҰҰ жүйесіндегі ақпараттық мәселелерді қадағалайтын негізгі мекеме болып табылады.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Девушка из г Колумбус опозорилась на всю Беларусь! Видео ошеломит
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Чтобы давление всегда было 120\80, прекратите добавлять в еду...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Видео: малютка и бабуля обсуждают жизнь — умора
Пікірлер