Павлодар облысында жөндеуден өткен мәдениет үйінің шатыры дауыл күні жұлынып қалды. Бұл туралы әлеуметтік желіде видео тарады, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.
Оқиға Павлодар облысының Шолақсор ауылында болды.
Жел 40 м/с-қа дейін күшейіп, ғимараттың осы жылы ғана күрделі жөндеуден өткен шатырын зақымдаған.
Мердігер бұзылған мүлікті кепілдік бойынша қалпына келтіруі тиіс. Облыс әкімдігінің хабарлауынша, қайта жөндеу жұмыстары 7 қарашаға дейін аяқталады.