Абаев: "Қазақстан журналистикаcы әлемдік деңгейге шықты"

1965
Adyrna.kz Telegram
Ақпарат және қоғамдық даму министрінің айтуынша, әлеуметтік желілермен бәсекелесу үшін БАҚ-тың беделі болуы керек

 Алматыда өткен XVI Еуразиялық медиафорумының кулуарында Қазақстанның ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев Қазақстан журналистикасының деңгейі туралы пікір білдірді.

"Мен мас-медианы қазақстандық, шетелдік деп бөлмеймін. Иә, барлық БАҚ-қа тән кемшіліктер бар. Бірақ қазақстандық журналистика әлемдік деңгейге жеткенін атап өту керек", - деп мәлімдеді Абаев.

Ақпарат министрі дәстүрлі журналистиканың әлеуметтік желілермен бәсекелесуі тақырыбына тоқталды. Оның айтуынша, бұқаралық ақпарат құралдары беделді және халықтың сеніміне ие болуы тиіс.

"Бүкіл әлем әлеуметтік желілерде жазылған ақпараттан гөрі кәсіби журналистикаға көбірек сенеді. Журналистердің әлеуметтік желі қолданушыларынан айырмашылығы ақпаратты жариялаудан бұрын тексереді", - деп қосты Абаев.

Министр қазақстандық журналистика қоғамға сенімді дереккөздерден расталған ақпарат тарататынына сенімді.

Sputnik.kz

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Танец выпускников взорвал интернет: Смотреть до конца!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Видео: малютка и бабуля обсуждают жизнь — умора
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Природный чистильщик сосудов! Уже утром давление будет 120/80!
Пікірлер