Алматыда жаңа автобус бағыты іске қосылады

2096
Adyrna.kz Telegram
фото: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
фото: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Алматыда қала маңына қатынайтын жаңа бағыт ашылады. Бұл туралы қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы.

Биыл 20 қазаннан бастап 12 жылжымалы бірлік желісінде қала маңына қатынайтын «Төле би - Яссауи бұрылу алаңы – Қарғалы кенті» сызбасы бойынша жүретін №236 бағыт ашылады әрі көліктің қозғалыс интервалы 17 минут болады.

Жолаушылар мен жүкті автомобиль көлігімен тасымалдау Ережелеріне сәйкес қызмет көрсету «NEO city TRANS» ЖШС тасымалдаушыға берілді. Осы бағыт бойынша жолаушыларды тасымалдау ISUZU HC-40 маркалы автобустар жүргізетін болады.

Еске салсақ, Алматы агломерациясын дамыту аясында Алматының қалалық мобильділік басқармасы 2023 жылы 25 елді мекенді қамтитын жаңа қала маңындағы бағыттарды ұйымдастыруды жоспарлауда. Бұған дейін 3 бағыт іске қосылған, олар: №223 «Саяхат-Нұра және Туғанбай ауылдары», №233 «Қараой – Саяхат ауылы», № 240 «Батыр ауылы – «Адем-1» СҮ, Солтүстік айналма көшесі, қалған бағыттар әзірленіп жатыр.

Одан бөлек, Алматы және Алматы агломерациясын дамыту жоспарына сәйкес 2024 жылдың соңына дейін 20 жаңа қала маңындағы бағыттарды ұйымдастыру жоспарланып отыр, олардың есебінен 50 елді мекен қамтамасыз етіледі.

«Адырна» ұлттық порталы

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Кардиолог шокировал мировую медицину: сосуды чистит простой...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Запор уйдет за пару часов благодаря этому дедовскому методу!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Видео: малютка и бабуля обсуждают жизнь — умора
Пікірлер