Мемлекет басшысы ресми сапармен Қытайға барады

1330
Adyrna.kz Telegram

17-18 қазан күндері Қазақстан президенті Қытай Халық Республикасына ресми сапармен барады. Бұл туралы Ақорда мәлімдеді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Тоқаев Бейжіңде ҚХР Төрағасы Си Цзиньпинмен, ҚХР мемлекеттік кеңесінің премьері Ли Цянмен және Бүкілқытайлық халық өкілдері жиналысы тұрақты комитетінің төрағасы Чжао Лэцзимен келіссөз жүргізеді, сондай-ақ жоғары деңгейдегі "Бір белдеу, бір жол" бастамасының III форумына қатысады, - делінген хабарламада.

Сапар аясында Қытайдың ірі компаниялары басшыларымен бірқатар кездесу өткізу жоспарланып отыр.

Пікірлер