Қазақстан сұйытылған мұнай газ экспортын шектемек

1446
Adyrna.kz Telegram
фото: қазақпарат
фото: қазақпарат

Еліміз сұйытылған мұнай газын автомобиль көлігімен әкетуге үш жыл мерзімге және теміржол көлігімен әкетуге алты ай мерзімге тыйым салмақ, деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы Ulysmedia.kz сайтына сілтеме жасап.

Энергетика министрлігі Сұйытылған мұнай газын тасымалдаудың кейбір мәселелері туралы" бұйрық әзірледі.

«Өнімді бөлу туралы келісім не Қазақстан Республикасының президенті бекіткен жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт шеңберінде өндіруді жүзеге асырған, не жер қойнауын пайдаланушылардың әкетуін қоспағанда, Қазақстан Республикасының аумағынан сұйытылған мұнай газын, пропанды және бутанды автомобиль көлігімен әкетуге үш жыл мерзімге және теміржол көлігімен әкетуге алты ай мерзімге тыйым салу енгізілсін», – делінген хабарламада.

Ведомство шектеу Қазақстанның ішкі нарығын сұйытылған мұнай газымен қамтамасыз ету мақсатында енгізіліп жатқанын мәлімдеді.

Бұйрық жобасы 24 қазанға дейін талқыланады.

Айта кетейік, бұдан бұрын Ресейлік мұнай Қазақстан өнімін Өзбекстан нарығынан ығыстырғаны хабарланған.

«Адырна» ұлттық порталы

Пікірлер