Футзалдан Қазақстан құрамасы Әзірбайжан футболшыларын жеңді

1906
Adyrna.kz Telegram
kazfootball.kz
kazfootball.kz

Футзалдан Қазақстан құрамасы 2024 жылғы Әлем чемпионатының іріктеу кезеңінің үшінші турында Әзірбайжан құрамасын 4:2 есебімен жеңді, деп хабарлайды "Адырна" тілшісі Ulysmedia.kz-ке сілтеп. 

Ұлттық құраманың футболшылары Румыния құрамасының ойыншыларын жеңгенінен кейін фаворит болып саналды.

Алайда, матч барысында есепші әзірбайжандық құрама ашты.

Ойынның екінші жартысында қазақстандық спортшы Біржан Оразов ойын есебін теңестірді. Содан кейін Қазақстан ойыншысы Дуглас Джуниор допты қарсыластың қақпасына қайта соқты. Қарсылас команданың алаңдағы қателігін пайдаланып, Дәурен Тұрсағұлов пен Леодан бос қақпаға екі гол соқты. Ойын соңында Әзірбайжандық құрама бір голды біздің қақпаға теуіп үлгерді. Нәтижесінде ойын қорытындысы 4:2, қазақстандықтардың пайдасына тиді.

Енді үш турдан кейін Қазақстан алдағы футзалдан Әлем чемпионатына іріктеудің элиталық раундының "А тобында" тоғыз ұпаймен көш бастап тұр.

Біздің команда келесі матчты 11 қазанда өз елімізде өткізеді. Әзірбайжан командасы тағы да қарсылас болмақ.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін қазақстандық команда футзалдан 2024 жылғы әлем чемпионатында Румынияны жеңген еді.

Пікірлер