Қазаққа өзін-өзі жек көру вирусын таратып отырғандар мен сол дертті жұқтырып алғандардың тұқымы тұздай құрымай ел болуымыз қиын! Ал ол күн қашан келеді?
Мағжанның мына күйінішін енді ұққандаймын:
Өзіңе сұрақ қойып көрші: Балаңды қалай тәрбиелейсің? Жек көріп пе, жақсы көріп пе?
Іс білгеннің ісіне, сөз білгеннің сөзіне қарап отырған халық та бір сәби! Сол түсінік санасыздың жетесіне жетпегенше ел болуымыз қиын!
Бүгінгі қазақ кекету мен келекелеуді біледі, өз басындағы боққа қарамай, өзгенің басындағы шоққа қарағыш!
Қашанда өзін өзгеден зор тұтқан елдің (ауызбен емес, санамен!) тасы өрге домалаған!
Дін десе арабқа, тіл десе орысқа, дүние десе қытайға, тәрбие десе батысқа табынып отырған елде қайбір рух болсын?
Ұрпағың – ертеңгі қазақ мықты болсын десең:
Оның ата-бабасы мықты болғанын, сол үшін аз бола тұра осыншама алып жерді иеленіп отырғанын құлағына құй!
Күллі әлемді ат тұяғынан шыққан шаңға көмген қаһарлы ғұндардың тұқымы екенін есіне жиі сал!
«Әлемнің екінші ұстазы» атанған әл-Фарабидің осы жерде дүниеге келгенін санасына жеткіз!
Байбарыс сұлтанның Египетке құл болып барып, патша болып билегенін мақтанышпен айт!
Томиристің парсыларды қалай быт-шыт қылып, патшасының басын қан толы меске салғанын әңгімелеп бер!
Ешкімнен беті қайтпаған Александр Македонскийдің осы далада ғана жеңіліске ұшырағанын түсіндір!
Қазақ хандығын құрғандардың бабасынан қалған Ұлы далада қалай мемлекет құрғанын баянда!
Кенесары хан өлген соң тәуелсіздікке дейінгі (1847-1991) 144 жылда қазақтың өз тәуелсіздігі үшін 300-ден аса көтеріліс жасағанын ұмыттырма!
Сондай-ақ барлық салада талантты, мықты қазақтар болғанын және бола беретініне мысалдар келтіріп дәлелмен көрсет!
Арғы дәуірде өз жазуы, өз күнтізбесі болғанын, заман аласапыранында оларды танудан айырылып, төлтума мәдениетінен көз жазып қалғанын, бірақ бәрі қайта қалпына келетінін санасына құй!
Ал егер осылардың орнына «қазақтың жауы – қазақ» деп, ұлтыңа деген жеккөрінішті оятып – құдайдың қарғысына ұшырап отырсаң ұрпағың қайтіп адам болады? Өзіңе өзіңнің жаның ашымаса басқаны сынау не теңің?!
Қолы бос адамның керітартпалығы, аузы бос адамның сөзі көп.
Адамды адам қылатын тегінің мықты екенін сезіну мен болашағына деген үміт қана. Ол екеуін мақұрым адамда ештеңе де жоқ!