Петропавлда балабақша қызметкерінен туберкулез анықталды

2405
Adyrna.kz Telegram
Фото: gemotest.ru
Фото: gemotest.ru

Петропавлда балабақша қызметкерінен туберкулез анықталды. Бұл туралы  Informburo.kz мәлімдеді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Аталған жайт жыл сайынғы медициналық тексеріс кезінде белгілі болған.

Инфекциялық ауру жұқтырған қызметкер уақытша еңбек қабілеттілігінен айырылғандықтан демалысқа жіберілді.

"Балдәурен" балабақшасының ғимаратында дезинфекция жүргізілді.

Дезинфекция процесі екі кезеңде жүргізілді. Мамандар алдымен балалардың тынығатын уақытында бассейнді және ойнау бөлмелерін, сондай-ақ ғимарат дәлізін дезинфекциялады. Кейіннен сағат 19.00-ден кейін ғимараттың қалған бөлігін залалсыздандырды, - делінген қалалық білім беру басқармасының хабарламасында.

Сондай-ақ,  9 қазанда балабақшаның барлық қызметкері  медициналық тексерістен өтеді. Ал жұқпалы дертке шалдыққан қызметкермен байланыста болған балаларға Манту сынамасы жасалады. Білім беру басқармасы жедел топ құрды. Олар істі тергеумен айналысады.

 

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
У мужчин челюсти отвалились, когда они увидели ее страстный танец
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Этот танец невесты оставит вас без слов! Пересмотрела 10 раз!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Женатым лучше не смотреть: танец роскошной Татьяны (видео)
Пікірлер