Жарақат миына жеткен. Көзіне пышақ кірген баланың жағдайы айтылды

138
Adyrna.kz Telegram
Фото: aikyn.kz
Фото: aikyn.kz

Петропавлда көзіне пышақ кіріп кеткен үш жасар сәбидің жағдайы тым ауыр деп бағаланған, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Ауруханаға дереу жеткізілген баланы аман алып қалу үшін дәрігерлер бар күшін салып жатқаны хабарланды.

БАҚ-та баланың ас үйде орындықтан құлап, пышаққа құлағаны айтылған. Оқиға болған тұста сәбидің жанында анасы да болған. Бірден жедел жәрдем шақырып ауруханаға жеткізгенше, сәбидің жағдайы нашарлап, жансақтау бөліміне жатқызылған. Дәрігерлер баланың көзі зақымданбаған дейді. Пышақ жанарының үстінен өтіп, миының ортасына дейін жеткен.

“Жағдайы ауыр. Жедел түрде жансақтау бөлімшесіне орналастырылды. Керекті барлық емдеу жүргізілді. Дәрігерлер консилиум жасап, КТК жасалынып, мамандармен келісім жасап, операцияға көрсеткіші жоқ. Бүгінгі таңда алты сағат сайын нейрохирургтар мен офтальмологтармен консультация алып қажет жатырмыз. Бүкіл қажет ем-шара жүргізіледі”, – деді СҚО көпбейінді балалар ауруханасының директоры Нұрлан Айманов

Полиция баланың неден жарақат алғанын анықтауға кіріскенін хабарлады.

“Полиция бөлімішесіне үш жасар баланың ауруханаға ауыр жағдайда жеткізілгені туралы ақпарат түсті. Петропавл қаласының полициясы баланың жарақат алу себебін анықтауда. Алдын ала болжам бойынша, бұл жағдай оқыстан болған”, – деді СҚО полиция департаментінің баспасөз хатшысы Әдемау Меңдібаева.

Пікірлер