Міржақып қазасы кезінде прокаттан алынған “Оян, қазақтың” көрсетілімі бір аптаға ұзартылды

2753
Adyrna.kz Telegram
Фото: Qazaqstan.tv
Фото: Qazaqstan.tv

Бүгін көрерменге енді ғана жол тартқан «Міржақып. Оян, Қазақ!» фильмінің 4 қазанда прокаттан алынғаны туралы ақпарат тараған болатын. Бұл туралы фильмнің режиссері Мұрат Есжан да, Qazaqstan ұлттық арнасы да хабарлаған еді. Енді кинорежиссер Мұрат Есжан көрермен қалауымен фильмнің көрсетілімі тағы бір апта ұзартылғанын айтты, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

“Қуанышты жаңалық! Қалың көрерменнің қалауы болып, “Оян, қазақтың” кинотеатрлардағы көрсетілімі тағы бір аптаға ұзартылды! Енді талабымызға қадамымыз сай боп, келесі аптаны да аншлаг жасайық! Кинотеатрлар да сұранысты көрді ғой, мүмкін сеанстар санын бұдан да ұлғайтар! Мемлекеттің жұмсаған қаржысы ақталған (фильм 100 пайыз мембюджетке түсірілген) алғашқы тарихи жоба болса деген тілек бар”, деп жазды ол.

Айта кетейік, кинопарк өкілдері көрерменге енді ғана жол тартқан «Міржақып. Оян, Қазақ» фильмінің прокаттан алынуы Qazaqstan Tv арнасының келісімімен болғанын айтқан еді. 

Ал Ұлттық арна әр фильмнің бастапқыда белгіленген уақыт аралығында ғана көрсетілетінін айтып, бұл мәселеде ешкімге кінә артпауды сұраған.

Алаш қайраткері Міржақып Дулатов 1928 жылы Мәскеуде тұтқындалып, әуелде өлім жазасына кесілген. Кейін бұл үкім 10 жыл түрме жазасына алмастырылып, лагерьге айдалады. 1935 жылы ұзақ қудалау мен қорлық салдарынан ауруға шалдығады. Міржақып сол жылы 5 қазанда Соловки лагерінде 50 жасқа қараған шағында дүние салды.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Галкин и Пугачева станцевали зажигательный танец на Кипре
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Танец на выпускном взорвал сеть: смотреть без детей
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Школьники потрясли всю сеть этим танцем — смотреть без детей!
Пікірлер