Қазақстан халқының саны қанша екені айтылды

1328
Adyrna.kz Telegram

Ұлттық статистика бюросы Қазақстандағы халық саны туралы нақтыланған мәліметтерді ұсынды, - деп хабарлайды  "Адырна" порталы. 

Ведомствоның мәліметінше, 1 қыркүйекте ел халқының саны 19 млн 944 мың 726 адамды құрады.

Республика бойынша 12 368 662 адам қала халқына, 7 576 064 адам ауыл халқына тиесілі.

Жыл басынан бері ел халқының саны 177 мың адамға өсті, оның 172 мыңы табиғи өсім есебінен (туылғандар саны өлгендер санынан асып түсті), 5,8 мың адам көші-қонның оң сальдосы есебінен.

Өңірлер арасында ең көп Алматы қаласында – 2 205 929 адам. Одан кейінгі орында Түркістан облысы – 2 135 537 адам, Алматы облысы – 1 522 182 халық саны бойынша алғашқы үштікті түйіндеп тұр.

Астана халық саны бойынша төртінші орында – 1 402 002 адам, Жамбыл облысы бесінші орында, 1 221 619 адам.

«Халық саны – белгілі бір уақытта белгілі бір аумақта тұратын адамдардың саны.Жыл басындағы ағымдағы бағалаулар соңғы халық санағының нәтижелері бойынша есептеледі, оған жыл сайын туғандар мен көшіп келгендер саны қосылады. Белгілі бір аумаққа тұрақты тұруға келгендер және қайтыс болғандар мен осы аумаққа көшіп кеткендер саны шегеріледі, осы аумақтағы тұрақты тұруы шегеріледі», - деп түсіндірді Ұлттық статистика бюросы.

Айта кетейік, 2022 жылы Қазақстан халқы 261 845 адамға өсті.

 

Пікірлер