Ташкенттегі жарылыс. Жасөспірім қаза тауып, 163 адам жарақат алды

3151
Adyrna.kz Telegram
Фото: Gazeta.uz
Фото: Gazeta.uz

Ташкенттегі өнеркәсіп қоймасында болған жарылыс салдарынан 17 жастағы жасөспірім қаза тауып, 163 адам жарақат алды. Бұл туралы Gazeta.uz порталы жариялады, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы. 

Ақпаратқа сәйкес, 24 адам Республикалық жедел медициналық жәрдем ғылыми орталығы мен оның Ташкент облыстық филиалына, қалалық жедел жәрдем ауруханасына, 1-ші республикалық және 1-ші қалалық клиникалық ауруханаға, 1-ші перзентханаға жатқызылған.

Ал қалған 138 зардап шеккендерге амбулаторлық көмек көрсетіліп, үйлеріне жіберілген. 17 жастағы жасөспірімнің өз пәтерінде қайтыс болғаны туралы ақпаратты Денсаулық сақтау министрлігі растады.

Қазіргі уақытта стационарда емделіп жатқан науқастардың арасында ауыр жарақат алғандар жоқ. Олардың денсаулықтары қанағаттанарлық. Медициналық көмек көрсетуге республикамыздың жетекші мамандары жұмылдырылды, - деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі. 

Сондай-ақ, жарылыс толқыны көпқабатты үйлердегі ондаған пәтердің терезелерін сындырған. Көптеген тұрғындар көліктеріне ұйықтауға мәжбүр болған. Кейбір көліктерге зақым келген.

Төтенше жағдайлар министрлігі жарылыс болған жерге 16 өрт сөндіру және құтқару бригадасы мен үш баспалдақ көлігі жіберілгенін хабарлады.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Бегайте в 65 как в 20! Восстановите суставы этим средством...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Морщины "стираются" как ластиком! Намажьте кожу лица обычным...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
1 чайная ложка на ночь и все - потенция сильнее, чем в 20 лет
Пікірлер