Сәләфизмнен сақтандыратын фильм түсірілмек

1807
Adyrna.kz Telegram

Жоба
Көркем-деректі фильм
Аты: «Мен қалай рухани жаңғырдым» (Тұрарбек Құсайыновтың өмірбаяндық кітабының желісі бойынша)
Жанры: көркем-деректі.
Тілі: қазақша.
Хронометражы: 80 минут.
Мақсаты: Фильм экстремизм мен терроризмнен, діни радикализмнен сақтандырады, дін мен діни идеологияның аражігін ашып көрсетеді. Демократия мен либерализм құндылықтарын, рухани еркіндікті насихаттайды.
Фильмнің қысқаша баяны: Фильмде өзінің өмірдегі орнын іздеу жолында деструктивті діни ағымдар мен радикал саяси ұйымдардың ықпалына түсіп, адасып, аңдамай от басқан, туып-өскен жерінің проблемаларына қатты қамығатын патриот жас жігітің қиын тағдыры баяндалады. Табысы мол кеме механигі мамандығын тастап, Ақиқат іздеген ол медресеге барып білім алып, молдалық қызметке кіріседі. Мұндағы оны мақсаты – Атыраудағы күрделеніп кеткен діни ахуалды жақсарту, сырттан келген деструктивті діни-идеологияларға тосқауыл қою болатын. Бірақ, муфтиятқа қарасты мешіт молдалары бұл істе дәрменсіздік танытты. Мұны білген фильмнің бас кейіпкері басқа діни-идеологиялық ұйымдар мен діни идеологтардың көмегіне жүгінбек болады. Өстіп жүріп ол бірнеше діни ұйымға кіріп, оның қатарында белсенді жұмыс жасайды. Бірақ, діни ұйымдардың ешбірі оған діни ахуалдың күрмеуін шешуге көмектесе алмайды. Ұйым ішіндегі интригалар, сыртқы күштердің ықпалы, ортағасырлық дәстүршілдік, бәрі-бәрі деструктивті идеологияларға қарсы тұруға қауқарсыз, қоғамның рухани жаңғыруына септігі болмады. Қайта момақан саналып келген кейбір ұйымдар жеме-жемге келгенде саяси мақсатты көздеген радикал экстремистік қимылға бейім екені анықталады. Сондықтан діннің ақиқатын іздеген бас кейіпкер бірнеше ұйымға кіріп, көп ұзамай одан кетеді.
Бас кейіпкер қазақ қоғамындағы ура-патриотизммен астасып жатқан нәсілшілдік, рушылдық, ксенофобия, ультрапатриотизм сияқты адамзат дамуына кедергі жасап келе жатқан жат қылықтармен де бетпе-бет кездеседі. Сөйтіп жүріп, тіпті оның өзі де трайбализм, аймақшылдық сияқты қоғамдық кеселге шалдығады. Сепартатизмге және мемлекеттік құрылымды күштеп өзгертуге шақырған хатты таратамын деп Қылмыстық кодекстің бабымен соталып, өмірінің үш жылын түрмеде өткізеді.
Фильмнің бас кейіпкері діни-идеологиялық және ұлтшыл саяси ұйымдардың ішінде жүргенде өзінің әрекеті мен айналасында болып жатқан процестерге баға беріп, оның дұрысы мен бұрыс ажыратуға, ойлануға мұршасы болмады. Кейде қоғамға қауіпті жат әрекеттерге өзінің қарсылығын білдіргенімен, ол көбіне сол процестердің толқынында қалбалақтап аққан ағаштың жаңқасындай күй кешеді.
Өзінің тағдырымен тікелей байланысты болған оқиғаларға бас кейіпкер біркісілік түрмеде алты ай жалғыз жатқанда ғана баға бере бастайды. Ақиқат іздеп, саналы өмірін рухани толғаныспен өткізіп келе жатқан адамға бостандығын шектеу, оны тар камерада айлап жалғыз қалдыру – ең ауыр жаза. Мұндай кезде кейбір адамдар жынданып та кетеді. Бірақ бас кейіпкер бәрін керісінше жасайды. Ол Құдайдың адамдарға берген ең үлкен сыйын – Ақылын қайта іске қосады. Өткен өміріндегі барлық оқиғаларға рационалды анализ жасай бастайды. Мұның нәтижелі шығуы ақиқатпен тікелей байланысты. Әр нәрсені өзінің атымен атап, «анау ренжиді», «мынау кісінің көңіліне тием-ау» деп бір нәрсені жасырып қалу ғана емес, өзің жасаған қателікті, жаман қылығыңды, барлық шындықты жайып салуың керек. Тіпті көрсеқызарлық, нәпсіқұмарлық сияқты ұят нәрселерді де жасырып, ешқандай оқиғаны өмірбаяныңнан сызып тастауға болмайды. Эмоцияны былай ысырып қойып, өзінің саяси мүддесіне жетудің құралы етпекші болған, түрмеге қамалауға себепші болған адамдарға деген іштегі бұрынғы ыза мен кектің жалынын өшіру де қажет. Сонда ғана анализ толыққанды болып шығады, сен өткен өміріңе өзің баға беруіңе мүмкіндік туады. Мұндай тәуекелге бару бір жағынан ерлік болса, екінші жағынан өзіңді өзің аяусыз жазалау болып көрінеді. Осылайша өзін құрбандыққа шала отырып жасалған анализ өз нәтижесін береді, ненің дұрыс, ненің бұрыс екенін анықтап бағдар алуға жол ашылады. Фильмнің бас кейіпкері осындай тоқтамға жетеді.
Фильм түсірілетін жерлер: Атырау, Алматы, Шымкент, Стамбул, Мәдина, Нью-Дели, Дамаск,Бішкек.
(Фильмнің бюджеті фильмнің сценарийі бойынша анықталады) .

Құрметті отандастар!

Қазақ қоғамындағы реакционды- деструктивті ортағасырлық монархиялық діни жүйені насихаттайтын топтардың дүниетанымы мен іс-әрекетін әшкерелеп, рационалды ақылға негізделіп демократиялық принциптерді ту қылған әлеуметтік жобаға (көркем-деректі фильм) үлес қосам десеңіздер сіздерге тек шексіз алғысымды білдіремін. Өкінішке орай құқығым мен қаржылық функцияларым шектелуіне байланысты
https://www.azattyq.org/a/kazakhstan-zaprety-osuzhdennye-175-statya/29535461.html
жеке есеп-шотты анамның атынан ашуға мәжбүрмін.

ИИН: 380910400605
Kaspi Gold :5169493119844515

Тұрарбек Құсайынов

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер