Мейрамбекті сыртынан сайлауға кім қосқан?

3583
Adyrna.kz Telegram

Қазақстан президенттігіне кандидат Қасым-Жомарт Тоқаевтың республикалық қоғамдық штабы құрылды. Олардың арасында елімізге белгілі тұлғалар да бар деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Қоғамдық штабқа спортшылардан Жақсылық Үшкемпіров, Александр Винокуров, Қанат Ислам, Динара Садуақасова кірді.

Сондай-ақ, штабта Аружан Саин, Майя Бекбаева, Роза Рымбаева, Алтынай Жорабаева, Майра Мұхамедқызы, Мейрамбек Беспаев, Самал Еслямова, Сакен Байғазы, Қыдырәлі Болманов та бар.

Бұдан бөлек, алғаш рет штабтың жастар қанаты құрылды. Оған Қайрат Нұртас, Құралай Анарбекова, Анна Алябьева, Әйгерім Есенәлі, Серік Есматов және тағы басқа танымал жастар кірген.

Бірақ, порталдың инстаграм парақшасына жарияланған осы ақпараттың астына Мейрамбек Бесбаевтың өзі пікір қалдырған. Онда әнші ешкімге ешқандай келісім бермегенін, сыртынан кім шешкенін сұраған.

"Мен ешкімнің штабына келісім берген емеспін. Сыртымнан шеше беретін болған ба? Мен өз таңдауымды сайлау кезінде жасауға құқылымын!!! Нұр.Кз алдымен біліп алып жазсаңдаршы!" депті Мейрамбек. 

Расында да қазақтың Мейрамбегі атанған Мейрамбек Бесбаевтың өзін сыртынан сайлауға араласуға қосып жатса, басқаларына не жорық?

 

Пікірлер