Ресей қазақстандықтарды жарнама арқылы әскерге тарта бастады — БАҚ

3107
Adyrna.kz Telegram

Ресей әлеуметтік желіде Қазақстан тұрғындарын жарнама арқылы әскерге тарта бастады. Бұл туралы Reuters жазды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

«Жарнамада Қазақстан мен Ресей тулары көрінеді және «Плечом к плечу» (Иық тіресе) деген ұран жазылған. Авторлар Ресей қорғаныс министрлігімен келісімшартқа отырғандарға бір реттік 495 мың рубль, кейін ай сайын 190 мың рубль төлеуге уәде беріп отыр»,—деп жазды басылым.

Жарнамаларда Сахалин аймағындағы Ресей әскеріне қосылу мүмкіндігін ұсынатын веб-сайт көрсетілген.

Еске салайық, Қазақстан үкіметі Ресейдің Украинаға қарсы ашқан соғысын қолдамайды және жұртшылықты бейбітшілікке шақырады.

Қазақстан заңнамасы бойынша шетелдегі әскери қақтығыстарға ақылы түрде қатысу заңсыз болып есептеледі.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Пьяные что ли? Пугачева с мужем шокировали своим развратом
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Галкин и Пугачева станцевали зажигательный танец на Кипре
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Танец на выпускном взорвал сеть: смотреть без детей
Пікірлер