Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Үндістан премьер-министрі Нарендра Модиге Ахмедабад қаласы әуежайының маңында болған жолаушылар ұшағы апатынан көптеген адамның қаза табуына байланысты көңіл айтты. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі айтты, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.
«Қазақстан президенті әуе апатынан қаза болған азаматтардың отбасылары мен жақындарын сабырға шақырып, жарақат алғандардың тезірек сауығып кетулеріне тілектестік білдірді»,—делінген хабарламада.
Еске салайық, бұған дейін Үндістанда жолаушылар ұшағының апатқа ұшырағанын жазған едік.