Қуғын-сүргін құрбандары еске алынады

4821
Adyrna.kz Telegram

Алматы қаласы Қоғамдық даму басқармасының қолдауымен «Адырна» ұлттық-этнографиялық бірлестігі «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында 1932-33 жылдардағы ашаршылық пен 1937-38 жылдардағы саяси қуғын-сүргінге арналған «Зұлмат жылдар қасіреті» атты дөңгелек үстел өткізеді.
Дөңгелек үстел мақсаты – Кеңес Одағы кезіндегі Қазақстан жерінде болған ашаршылықты, саяси қуғын-сүргін құрбандарын, олардың тарихын, ұлт зиялыларының ел мүддесі үшін күресін, сол кезеңдегі тарихи шындықтың бетін ашу, еліміздегі ғалымдардың, зерттеушілердің талдаулары мен ой-пікірлерін ұсыну сондай-ақ аталған нәубеттердің залалын дәлелдеу.
Дөңгелек үстелге тарихшылар, көрнекті ғалымдар, қоғам қайраткерлері, саяси қуғын-сүргінді көрген қайраткерлердің ұрпақтары және танымал ҮЕҰ өкілдері қатысады. Ж.Ашуұлы, А.Тоқтабай, Ә.Ғали, Ф.Шамшиденова, Т.Қоңыратбай, Б.Қойшыбаев сынды ғалымдар баяндама оқиды. Сонымен қатар іс-шара аясында тақырыптық кітап көрмесі өтеді.

Өтетін орны: Алматы қаласының С. Бегалин атындағы мемлекеттік кітапханасы.
Мекен жайы: Төле Би көшесі 27.

Өтетін уақыты: 18.04.2019 ж.
Басталуы: 11:00

Пікірлер