Түркияда жол апатына түскен екі қазақстандыққа ота жасалды - Сыртқы істер министрлігі

2786
Adyrna.kz Telegram

Қазақстанның сыртқы істер министрлігі Түркияның Алания аумағында болған жол апатында зардап шеккен қазақстандықтар туралы мәлімдеме жасады, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Түркиядағы Қазақстан елшісі оқиғаның барлық мән-жайын анықтау үшін Аланияға барды.

30 шілде күні таңертең Аланияда Қазақстанның 12 азаматын тасымалдаған шағын автобустың жол-көлік оқиғасына ұшырады. Түрік полициясынан алынған алдын-ала мәлімет бойынша, автобус жүргізушісі жоғары жылдамдықпен алдындағы жүк көлігін соққан. Соқтығысу салдарынан зардап шеккендер бар, олар шұғыл түрде жақын маңдағы ауруханаларға жеткізілді, - делінген хабарламада.

Түрік полициясының ақпараты бойынша, автобус жүргізушісі қатты жылдамдықпен келіп, жүк көлігіне соқтығысқан. Апат салдарынан зардап шеккендер бар, олар шұғыл түрде жақын маңдағы ауруханаларға жеткізілген.

Апат кезінде жарақат алған екі қазақстандыққа ота жасалған.

Микроавтобуста болған 12 қазақстандықтың екеуі ауырлығы орташа жарақат алған. Оларға ота жасалып, барлық қажетті медициналық көмек көрсетіледі. Қалған 10 отандастың, оның ішінде 4 баланың жағдайы қанағаттанарлық, өміріне еш қауіп жоқ. Барлығының медициналық сақтандыруы бар. Анталиядағы қазақстандық дипломаттар біздің азаматтармен тұрақты байланыста және тиісті жұмыс жүргізуде, – деп мәлімдеді министрлік өкілдері. 

Еске салайық, 30 шілдеде Аланияда Қазақстанның 12 азаматын тасымалдаған шағын автобус жол апатына түскенін хабарлаған едік. Салдарынан екі адам көз жұмған.

Пікірлер