Астана мен Ташкент арасындағы дәстүрлі бәсеке жаңа кезеңге көтерілді - Данияр Әшімбаев

5349
Adyrna.kz Telegram
Фото: dzen.ru
Фото: dzen.ru

Астана мен Ташкент арасындағы дәстүрлі бәсеке жаңа кезеңге көтерілді. Бұл туралы саясаткер Данияр Әшімбаев Телеграм арнасында жазды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Оның айтуынша, бұған дейін Қонаев пен Рашидов, Назарбаев пен Каримов (Қасым хан мен Мұхаммед Шейбани бастағанын білесіздер) жарысқа түскен. Енді – Тоқаев пен Мирзиеев жарысуда.

Біз «Жаңа Қазақстанды» салып жатырмыз, олар «Жаңа Өзбекстанды» салып жатыр. Біз конституциялық реформа жүргіздік – олар конституциялық реформа жүргізді. Біз президентті қайта сайладық – олар да президентті қайта сайлады. Бізде қаңтар оқиғасы болды, оларда Нөкіс оқиғасы болды. Біз көршілерімізді айналып өтетін жаңа Жібек жолын салып жатырмыз, олар бізді айналып өтетін Жібек жолын салып жатыр. АҚШ Мемлекеттік хатшысы Қазақстанды да, Өзбекстанды да «Орталық Азияның көшбасшысы» деп атады. Ресей Өзбекстанда атом электр станциясын салғалы жатыр – Алматыда Александр Невскийге ескерткіш ашылды.

Енді олардың қорғаушысы кім деген сұрақ туындады. Мирзиёев әлемде исламофобиямен күресуге шақырды. Тоқаев Еуропада Құранның өртенуін қатаң айыптады. Дәстүр осындай,- деп жазды ол.

Пікірлер