Табиғат қорғаушыларының жалақысына 100% үстеме қосылғаны хабарланды

1962
Adyrna.kz Telegram

1 шілдеден бастап Қазақстанның табиғат қорғау мекемелері қызметкерлерінің жалақысына 100% үстемеақы қосылғаны айтылды. Мұндай қаулы мемлекет басшысының  табиғат қорғау мекемелері қызметкерлерінің жағдайын жақсарту жөніндегі тапсырмасын орындау аясында қабылдады, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы. 

Арнайы қабылданған құжатта адам өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін жұмыс үшін қосымша ақы белгілеу көзделген.

Еңбек жағдайлары ерекше құрылымдардың қатарына жануарлар дүниесін қорғау, орманды қорғау және қалпына келтіру, мемлекеттік орман қорғау және т.б. мамандандырылған ұйымдар жатады.

Енді қызметкерлердің орташа жалақысы атқаратын қызметі мен жұмыс өтіліне байланысты 101 мыңнан 320 мың теңгеге дейін ұлғаяды.

Табиғатты қорғау саласында қызмет атқаратын 12 876 маманның жалақысы көтеріледі.

Үкімет басшылығы аталған бастама арқылы білікті кадрлардың бұл салада тұрақтап қалуын қамтамасыз етуді,  жұмыстың игіліктерін молайтуды көздеп отыр.

"Адырна" ұлттық порталы

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Девушка из г Колумбус опозорилась на всю Беларусь! Видео ошеломит
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Танец выпускников взорвал интернет: Смотреть до конца!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Видео: малютка и бабуля обсуждают жизнь — умора
Пікірлер