Елдегі күріш қоры ішкі нарықты қамтамасыз ету үшін жеткілікті

1691
Adyrna.kz Telegram

Елімізде биыл 99,8 мың гектар күріш егілді, бұл өткен жылғы көрсеткіштен 12,4 мың гектарға артық. Өңірлердің бөлінісінде ең үлкен алқап Қызылорда облысында – 88,1 мың га, қалған облыстарда егістіктер келесідей бөлінді: Алматы облысында 7 мың га, Жетісуда 1 мың га, Түркістан облысында 3,7 мың га.

Жоспарланып отырған егінді жинау қазақстандық нарықтың қажеттіліктерін толығымен жабады, сондай-ақ экспортқа қажетті көлемді қамтамасыз етеді.

Бүгінгі таңда былтырғы қалдықтарды қоса есептегенде, күріш жармасының қоры 60,4 мың тоннаны құрайды. Бұл қыркүйекте жаңа егін жиналғанға дейін ішкі тұтыну қажеттерін жабу үшін жеткілікті.

Айта кетейік, биыл күрішті 2022 жылмен салыстырғанда көбірек жинау жоспарланып отыр. Тиісінше, жарманың тапшылығына байланысты бағаны өсіруге объективті себептер жоқ. Алайда, бағаның өсуіне сыртқы факторлар әсер етуі мүмкін (басқа елдердегі егіннің болмауы, экспорттың жоғары сұранысы және т.б.).

Маусым айында Қызылордада әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру мәселелері бойынша республикалық кеңес өткізілді. Оның қорытындысы бойынша әкімдіктер мен ӘКК белгіленген бағамен 6,7 мың тонна күріш жеткізуге келісім-шарттар жасады. Бұл көлем еліміздің барлық өңірлеріндегі ірі сауда желілері, әлеуметтік дүкендер және ӘКК-нің меншікті нүктелері арқылы сатылатын болады.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Видео с выпускного "убило" всех родителей: кто это заснял?!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Девушка из г Колумбус опозорилась на всю Беларусь! Видео ошеломит
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Пьяные что ли? Пугачева с мужем шокировали своим развратом
Пікірлер