Украина әскері үшін олжалы сапар. Зеленский Болгарияға барды

4333
Adyrna.kz Telegram

Владимир Зеленский Болгарияға арнайы сапармен барды. Украина басшысы Болгария билігімен кездесу өткізіп, Украинаға қару-жарақ жеткізу және НАТО мен Еуроодақ құрамына кіру туралы келіссіөздер жүргізді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы. 

Өткен жылы Болгария Украина үшін оқ-дәрі мен жанармайдың негізгі жеткізушілерінің бірі болды. Сарапшылардың айтуынша, София сапары  Украина армиясы үшін үлкен өзгеріс әкелуі мүмкін. Бұл, сонымен қатар, болгарлардың Украинаға көрсеткен көмегі үшін алғысқа құрылған сапар екені айтылды.

EurActiv атты еуропалық жаңалықтар сайты өткен жылы Болгариядан Украинаға қару-жарақ пен оқ-дәрілердің жанама экспорты аз дегеннің өзінде 1 миллиард доллар болғанын, ал ресми экспорттың 1,7 миллиард доллар болғаны мәлімдеді.

Сонымен қатар сапар барысында ортақ әскери өндірісті ұйымдастыру мен дамыту мәселесі де қарастырылуы мүмкін деп жазады басылымдар. Өйткені Украина Чехияның әскери кәсіпорындарымен бірлескен жобаларды құруға кіріскені мәлім еді. Мұндай бірлескен іс-қимыл болгарлар мен украиндар арасында да жүзеге асуы мүмкін.

Болгарияға сапары барысында Зеленский арнайы декларацияға қол қойды.

- Осы ғасырдағы Еуропада, ең үлкен моральдық дағдарыс кезінде, Болгария бостандықтың қорғаушысы және геноцидтік саясаттың  нақ қарсыласы екендігін көрсетті. Бшұл - өте маңызды... Олар шындықты жоққа шығармай, моральдық жолды таңдайды, - деді Владимир Зеленский.

Болгария Премьер-министрі Николай Данков Ресей агрессиясына қарсы тұру әрекетін қолдаудың маңызын былай атады:

"Тәуелсіз және Егемен Украина -  аймақтағы еуроатлантикалық қауіпсіздіктің кілті. Ресей Украина аумағынан, халықаралық деңгейде танылған шекаралардан, сөзсіз, кетуі керек.  Әскери қылмыстары үшін жауап беруі тиіс".

Зеленский Софиядан Прагаға бет алды, ал осы жұмада ол Ыстамбұлға сапар шегеді. НАТО Саммиті 11 шілдеге жоспарланған.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер