Мүгедектігі барлар қоғамда еркін сезіне алу үшін не істеу қажет?

9057
Adyrna.kz Telegram

Мүмкіндігі шектеулі жандар – қоғамымыздың ажырамас маңызды бөлігі. Олардың құқықтары мен әл-ауқатына басқа азаматтармен тең дәрежеде кепілдік берілуі тиіс. Дегенмен, ұзақ уақыт бойы мүгедектігі барлар теңсіздікке, кемсітушілікке және әлеуметтік оқшаулануға тап болғаны жасырын емес.

БҰҰ эксперттерінің 2022 жылғы бағасы бойынша, мүмкіндігі шектеулілердің ішінде орта есеппен жер тұрғындарының 10% және 25% созылмалы ауруларға шалдыққан екен. Зерттеушілердің пікірінше, бұл кейбір экологиялық зардаптардан туындайды. Бұл Қазақстанға да тығыз байланысты. Экологиялық қауіпті аймақтарда бұл мәселе әр жыл сайын көтеріліп келе жатыр. Дегенмен, соңғы жылдары инклюзивті және әділетті қоғам құру мақсатында мүгедектігі бар жандардың құқығын қорғау және ілгерілету бойынша айтарлықтай күш-жігер жұмсалды.

Ал олар өзін қоғамда еркін сезіне алу үшін не істеу қажет?

Біз мүгедектігі бар адамдардың құқықтарын қорғаудың кейбір негізгі аспектілерін және олардың өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған, болуы керек әрі міндетті бірнеше шараға тоқталып өтеміз.

Ең алғашқысы, заңнама және құқықтық қорғау. Мүгедектердің құқығын қорғау оларды қолдау жөніндегі заңнамалық шаралардан басталады. Көптеген елдер олардың құқықтарын реттейтін және мүгедектікке байланысты кемсітуге тыйым салатын нақты заңдар қабылдады.

Мұндай заңдар білім беруде, жұмысқа орналасуда, қоғамдық орындар мен қызметтерге қолжетімділікте тең мүмкіндіктерді қамтамасыз етеді. Сондай-ақ, олар құқығының бұзылуына тап болғандар үшін шағым беру және сот ісін жүргізу механизмдерін қарастырады.

Екіншісі, инклюзивті білім беру.

Білім – мүмкіндігі шектеулі адамдардың құқықтары қорғалуы тиіс негізгі салалардың бірі. Инклюзивті білім беру қабілеттері мен ерекшеліктеріне қарамастан барлық балалардың білім алу мүмкіндіктеріне қол жеткізуді көздейді. Бұл мүгедектігі бар балалардың тиісті бейімделу жағдайлары мен қолдауымен қамтамасыз етілген жалпы білім беретін мектептерде білім алуға құқығы болуы керек дегенді білдіреді.

Үшінші, еңбек нарығы және жұмыспен қамту. Мүмкіндігі шектеулі жандардың құқығын қорғау үшін жұмыспен қамту саласында тең мүмкіндіктер жасалу қажет. Жұмыс берушілер жұмыс орнындағы әртүрлілік пен инклюзияның артықшылықтарын білуі керек. Мүгедектерді жұмысқа орналастыратын жұмыс берушілерді мемлекет көтермелеуі мүмкін. Сонымен қатар, мүгедектерді табысты жұмысқа орналастыру үшін бейімделу жағдайлары мен дағдыларын дамыту маңызды.

Төртінші, қол жетімділік және инфрақұрылым. Қоғамдық орындар мен қызметтердің физикалық қолжетімділігі мүмкіндігі шектеулі адамдардың құқықтарын қорғаудың маңызды аспектісі. Бұл ғимараттар, қоғамдық көліктер, коммуникациялар және басқа да инфрақұрылымдар физикалық мүмкіндіктеріне қарамастан барлығына қолжетімді болуы керек. Түрлі мүгедектер үшін пандустар, көтергіштер, тактильді маршруттар және арнайы технологиялар сияқты бейімделу құралдарымен қамтамасыз ету қажет.

Бесінші, ақпараттың қолжетімділігі. Ақпараттық-коммуникациялық технологияларға қол жеткізу мүмкіндігі шектеулі адамдардың құқықтарын қорғаудың маңызды аспектісі болып табылады. Мемлекеттік және жекеменшік ұйымдар веб-сайттардың, қосымшалардың, құжаттардың және басқа да ақпараттық ресурстардың мүгедектігі бар адамдар үшін қолжетімді болуын қамтамасыз етуі керек. Бұл мәтіннің аудио, тактильді немесе жеңілдетілген нұсқалары сияқты баламалы ақпарат пішімдерін пайдалануды және арнайы техникалық құралдарды пайдалануды қамтуы қажет.

Мүгедектігі бар жандар - цифрлы теңсіздікке бейім әлеуметтік топтардың бірі. Мүгедек адамдар үшін ақпараттық технологиялардың қаржылық және техникалық қол жетімсіздігі және осыдан туындайтын цифрлы кедергілер оларды оқуға, еңбек етуге, ақша табуға және қоғамда белсенді рөл атқаруға мүмкіндіктерінен айырады. Нәтижесінде олар әлемдегі ең осал және оқшауланған санаттардың бірі болып қала береді.

Мүгедектердің құқықтарын қорғау әділ және инклюзивті қоғамды дамытудың маңызды бөлігі. Заңнамалық шаралар, инклюзивті білім беру, жұмыспен қамтудың тең мүмкіндіктері, инфрақұрылым мен ақпараттық ортаның қолжетімділігі арқылы біз мүгедектердің қоғамға толыққанды интеграциялануына ықпал ете аламыз. Олардың құқықтарын қорғауға және ілгерілетуге көмектесуде хабардар болу, эмпатия және түсіністікті арттыру да маңызды рөл атқарады. Мүгедектігі бар жандардың құқығын қорғау жұмыстары олардың тең мүмкіндіктерін қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту маңызды атқарылар іс.

”Адырна” ұлттық порталы

Пікірлер