Ресей президенті Орталық Азияда орыс мектептерінің желісін ашуды ұсынды

258
Adyrna.kz Telegram

Ресей президенті Владимир Путин жылдық есеп беру кезінде еңбек мигранттары туралы пікірін білдіріп, бұл мәселеге жүйелі түрде қарау керектігін атап өтті, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Ол бір жағынан біліктілігі жоқ жұмыстарға қажеттілікті азайту керек екенін айтса, екінші жағынан, Ресейге жұмыс іздеп келген мигранттарды алдын ала дайындау маңызды екенін мәлімдеді.

 "Орталық Азия елдерінде орыс мектептерінің желісін ашып, болашақ мигранттарды Ресейдің мәдениетімен, құндылықтарымен және заңдарымен таныстыру қажет. Сонымен қатар, елде жүрген шетелдіктерге қойылатын талаптарды күшейту керек," — деді Путин.

Президент бұл бағыттағы шаралардың бірі ретінде орыс тілін білмейтін балаларды мектепке қабылдамауға мүмкіндік беретін заңды мысалға келтірді. Оның айтуынша, бұл мигранттардың қоғамға сәтті бейімделуіне ықпал етеді.

Осыған байланысты Ресей мен Қазақстан арасында үш өңірде жаңа орыс мектептерін ашу туралы келісім жасалғаны белгілі болды. Түркістан, Тараз және Қызылорда қалаларында салынатын бұл мектептердің құрылысы жөнінде Қазақстанның Білім министрлігі нақты ақпарат ұсынды.

Журналистердің сұрағына жауап берген министрлік бұл мектептердің қаржыландыру көздері бойынша талқылаулар жүріп жатқанын айтты. Қазақстанда мұндай білім ордаларының ашылуы қоғамда әртүрлі пікірлер тудыруда, ал сарапшылар олардың ұзақ мерзімді әсерін талқылап жатыр.

Пікірлер