Home » Спорт » Конор Макгрегор спорттан кетті

Конор Макгрегор спорттан кетті

UFC-дің даңқты жауынгері, “ирландиялық әтеш” деген лақап атымен танымал Конор Макгрегор спорттан кетті. Біз енді ирландықтың әйгілі “мақтаншақ жүрісін” көре алмаймыз.

Бұл туралы Конор өзінің Twitter парақшасында жариялады.

«Жылдам хабарландыру: Мен аралас жекпе-жек өнерінен кетуді шештім. Мен барлық әріптестеріме жарыстарда сәттілік тілеймін. Қазір  бұрынғы достарымның қатарына  зейнеткер ретінде қосыламын. Менен сендерге пина колада, балалар!” деп жазды Макгрегор.
Өткен жылдың қазан айында әйгілі ресейлік спортшы Хабиб Нурмагамедов пен Конор Макгрегордың арасындағы жекпе-жек бүкіл әлем назарын өздеріне аударған болатын. Макгрегор уақытынан бұрын естен танып қалып, Хабиб әлем чемпионы атағын қорғап қалған.
Жекпе-жектің аяғы Конор мен Хабибтің командалары арасындағы төбелеспен жалғасып, соңы екі спортшының да жазалануымен аяқталған болатын.

Нарын Қали

Пікір жазу

Почта жарияланбайды. Таңдаулы өрісті толтырыңыз *

*

x

Check Also

«Астана» ЧФР-ды жеңді

2019-2020 жылғы УЕФА Чемпиондар лигасының 8-ден 1-ші финалында «Астана» өз алаңында румыниялық ЧФР-ды қабылдады. «Астана» (Қазақстан) ...