Абайдағы ірі өрт аймағында із-түзсіз жоғалғандар саны 15-ке жетті, деп жазады "Адырна" тілшісі.
«Іздестіруге көмек сұраймыз. F 937 ARE. трактор нөмірі. Шақыру белгісі бұғы 61. Архипов Сергей Николаевич, 1987 ж.т. Мен Қаштаққа (Семей қаласының маңы – жур. ред.) «Семей Орманының» Долон бөлімшесінен шыққан өртті сөндіруге бардым, соңғы рет 9-ы күні хабарластым, күні бүгінге дейін ол туралы ештеңе белгісіз. +7 771 582 2159 нөміріне қоңырау шалыңыздаршы», - деп хабарлады жергілікті жұртшылық oo_osa_semey_vko парақшасында.
Бұған дейін өрт аймағында 14 адам із-түзсіз жоғалғанын хабарлаған едік. Олардың барлығының денесі табылды.
Еске салайық, соңғы мәліметтер бойынша, Абайдағы орман өртінің аумағы 60 мың гектарды құрап, тұрғындар бірден бірнеше елді мекеннен көшірілді. Өрттен шыққан түтін Жетісу өңірін басып үлгерді.
Оқиғалардан соң Юрий Ильин Төтенше жағдайлар министрі қызметінен босатылды (Төтенше жағдайлар министрлігінің жаңа басшысы болып Сырым Шәріпханов тағайындалды), облыс әкімі Абай Нұрлан Ұранхаевқа сөгіс жарияланды. Қылмыстық іс қозғалып, оны арнайы прокурорлар тергеп жатыр.
11 маусымда президент Қасым-Жомарт Тоқаев қайтыс болған 14 адамның барлығын «Құрмет» орденімен марапаттады. 12 маусым Қазақстанда жалпыұлттық аза тұту күні болып жарияланды.