Көлік жүргізушісі өртеніп кетті. БҚО-да жантүршігерлік жол апаты болды

1111
Adyrna.kz Telegram
Фото: “Мой город”
Фото: “Мой город”

1 қыркүйек күні Батыс Қазақстан облысы Бөрлі-Ақсай-Жымпиты тас жолында жол апаты болып, салдарынан көлікпен бірге оның жүргізушісі өртеніп кетті. Бұл туралы «Мой город» басылымы жариялады, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы. 

Басылымының мәліметінше, жолдың 23-ші шақырымында Volkswagen Passat пен Subaru соғысқан. Volkswagen жүргізушісі басып озып, қарсы қозғалыс жолағына шығып, Subaru-мен соғысқан.

Апаттан кейін Passat жүргізушісімен бірге өртеніп кетті. Апат орнында Subaru жолаушысы да қаза тапты. Subaru жүргізушісі мен үш жолаушысы әр түрлі жарақаттарымен ауруханаға жатқызылды.

Сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.

Пікірлер