Мүмкіндігі шектеулі жандар мүдірмеуі керек

3323
Adyrna.kz Telegram
Қазіргі таңда елімізде мүмкіндігі шектеулі азаматтардың санатына жататын 700 мыңнан астам адам бар. Саяси бетбұрыстарға бағыт алған еліміз әлеуметтік тұрғыда аз қамтылған және ерекше қажеттілігі бар азаматтарға қолдау көрсетуде ерекше берсенділік танытып отыр. Мүмкіндігі шектеуші жандарды қолдау мемлекет саясатындағы негізгі басым бағыттарының біріне айналды.
Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ерекше қажеттілігі бар азаматтарды қолдау бағытындағы жұмыстарды өз назарында ұстап, бұл мәселеге айрықша мән беріп келеді. Себебі, мүмкіндігі шектеулі азаматтар үшін кедергісіз қоғам қалыптастыру – мемлекеттің алдына қойған басты міндеттердің бірі.
Журналист, Сенат депутаты Бибігүл Жексенбайдың атуынша, осы жылдың қыркүйек айынан бастап ерекше қажеттілігі бар азаматтарға берілетін жәрдемақының мөлшері 14,5%-ға артады. Сонымен қатар, мүмкіндігі шектеулі азаматтарды жан-жақты қолдау мақсатында Республикалық деңгейдегі үлкен іс-шаралар ұйымдастырылып келеді.
Осы іс-шаралардың жалғасы ретінде Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайында үш күн бойына Боччадан Қазақстан Республикасы чемпионаты өткен болатын.  Шараға еліміздің 15 өңірінен командалар мен олардың жаттықтырушылары келді. Биылғы жылы Бочча спортына деген қызығушылықтың артқанын командалар санының анағұрлым көбейгенінен байқауға болады.
Сонымен қатар, Бибігүл Жексенбай мұндай шаралардың қоғамдық маңыздылығын да ерекше атап өтеді:
Осындай іс-шаралар олардың қоғамдық ортаға бейімделуіне және қарым-қатынас жасау қабілетін жетілдіруге ықпал етері анық. Сол себепті, мұндай шараларға мемлекет деңгейінде қолдау білдірудің маңызы ерекше. Аталған бастамалар “Саламатты Қазақстан” жобасы аясында жүзеге асырылып жатыр. Сенат өз кезегінде осындай игі іс-шараларға мұрындық болып, заңдық тұрғыда қолдау білдіруге дайын, - дейді автор.
Расында, қоғамдағы мақсат-мүддесі кез келген ерекшелігіне қарамай біртұтас күшке айналған мемлекет қана биік белестерді еңсереді. Қуатты боламыз десек, барлық адамның қоғамға қызмет етуіне, дамуына жағдай жасалуы керек. Әсіресе, мүмкіндігі шектеулі жандар қоғамдық құрылым себебімен мүдірмеуі тиіс.
Дастан Қастай
Пікірлер